Аллохтон

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аллохтон (грекше allos — өзге және chthуn — жер), геологиядатектоникалық күштердің әсерінен өзінің алғаш түзілу аймағынан көлбеу беткей бойымен жазық бағытта жылжып кеткен тау жыныстарының кешені. Аллохондар тектоникалық жабындар деп аталатын құрылымдардың басты бөлігі болып табылады. Олардың жазық бағытта жылжу қашықтығы ондаған км-мен өлшенеді, тіпті жүздеген км-ге жетеді. Аллохонды құрайтын тау жыныстарының құрамы өзі төсеніші рөлін атқаратын автохтонға тән тау жыныстарынан мүлдем өзгеше келеді.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub