Шу-Сарысу уран провинциясы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шу-Сарысу уран провинциясыҚазақстан аумағындағы ірі уран кен орындарының бірі. Мұнда 19 кен орны шоғырланған. Созақ ауданы жеріндегі уранның кенденуі мезозой, кайнозой түзілімдерінде жатыр. 1957 жылдан игеріле бастаған. Қазақстандағы уран кентастарын іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізетін «Волковгеология» кәсіпорынның барлау жұмыстары нәтижесінде уран кені қоры жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың біріне шығып отыр. Провинциядағы ірі кен орындары: Мыңқұдық, Ыңқай, Буденновское, Мойынқұм, Қанжуған, т.б. Қыземшек (бұрынғы Степное) кентінде бірнеше геологиялық экспедициялық партиялар және Қазақстандағы уран өндіретін ірі шахта басқару мекемесі бар. Таукент кентінде уран өндірумен айналысатын ірі кен өндіру және өңдеуші кәсіпорындар жұмыс істейді.

Cілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify