Үлкен Көлтабан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлкен КөлтабанЖайық алабындағы көлтабан. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде. Ұзындығы 45 км, ені 12 км-ге жетеді. Ауданы 280 км². Саздақты ойысқа көктемдегі қар суы және Батыс Дүре өзенінің суы жиналады. Грунт сулары 3 — 5 м тереңдікте кездеседі. Көлтабан шабындыққа, жайылымға пайдаланылады; қ. Дүре жайылмасы.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Wikify