Кременевка

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:56, 2025 ж. қыркүйектің 16 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Кременевск қалашығы – VIII-X ғасырларда болған қалашық орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. Биіктігі теңіз деңгейінен 1123 м.

Зерттелуі

Қалашықты 1903 жылы В.А. Каллаур ашып, зерттеген. 1940 жылы Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспедициясы, 2000 жылы Қазақстан ҒА-на қарасты Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген.

Сипаты

Қала таудың шығыс еңісінде орын тепкен. Құрылысы тікбұрышты, шығысында биіктігі 8 м, батысында 4 м топырақ дуалмен қоршалған. Ішкі алаңы 54×70 м. Қабырғасының ортасындағы бұрыштарда орналасқан биіктігі 1-2 м мұнараның үйіндісі байқалады. Қақпасы болған солтүстік-шығыс бұрыштағы ең биік саналған үйінді қалдықты мұнараның биіктігі 3 м-дей. Үйіндінің солтүстік жағынан аумағы 35×46 м екінші төбешік келіп жалғасады. Оны қоршап тұрған дуалдың қазіргі кездегі биіктігі 0,5-0,6 м. Қалашық орнында керамиканың сынықтары кездеседі, бір бөлігінде бейіт орын алған. Шығыс жағында кірпіш зауыты бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте