Исеншағыл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:22, 2022 ж. желтоқсанның 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Исеншағыл, ЕсеншағылҮлкен Борсық құмының оңтүстігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылының оңтүстігінде 10 км жерде.

Жер бедері

Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Ұзындығы 20 км, енді жері 10 км. Құм жағалауында Тасқара қыстауы, Түлкібай, Қарабарақ құдықтары орналасқан құбырлары өтеді.

Геологиялық құрылымы

Негізінен палеоген тау шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі

Қоңыр топырағында жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер