Қамарияш Райханқызы Қалкеева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Қамарияш Райханқызы Қалкеева — педагогика ғылымының докторы (2010), профессор.
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1958 жылы 23 қаңтарда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында туған.
Жезқазған педагогикалық институтын (1985, қазіргі Жезқазған университеті) бітірген.
Осы институтта оқытушы (1985-2006), 2006 жылдан Еуразия ұлттық университетінде оқытушылық қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Қазақстан педагогикасы және білім тарихы мазмұнын жүйелеу және құрастырудың ғылыми методологиялық негізі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 2 оқулық, 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Марапаттары
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі" (2011);
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2011).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>
- Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2016).<ref>"Ыбыраевские чтения – 2016".</ref>