Қабыланқыр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазық ҚабыланқырҮстірттің оңтүстігінде орналасқан үстіртті жазық.

Географиялық орны

Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттері аралығында, солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай доғаша иіліп 190 км-ге созылып жатыр.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 305 м, енді жері 45 км-ге жетеді. Қазақстан бөлігіндегі абсолюттік биіктігі 229 м (Құлантақыр тауы). Құлантақырдың кемерленіп келген батысын бойлай солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 км-ге созылған Гекленқұм (Қарасор) соры жайласқан. Үстірттің жер бедері қиыршықты-сазды келген жазық.

Геологиялық құрылымы

Жер қыртысы орта плиоцен дәуірінің әктас, теңіздің сазды-батпақты шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі

Сұр, сортаң сұр топырағында қара сексеуіл, тетір, баялыш, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. шөлдің сораң өсімдіктері өседі. Шығысында Қабыланқыр қорығы орналасқан (Түрікменстанда, 570 мың га). Батыс бөлігінің табанында минералдылығы 3 г/л-ден астам тұзды көлшіктер мен қайнар бұлақтар кездеседі. Қорықта қарақұйрық, қарақал, т.б. жануарлар мекендейді.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер