Кеңшағыл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Кеңшағыл – Арал қарақұмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандарының шекарасында орналасқан.
Жер бедері
Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 16 км, енді жері 5 – 7 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 101 м. Жер бедері тізбекті төбелерден, белесті құм жалдардан тұрады. Жер асты су көздерінің тереңдігі 1 – 25 м аралығында.
Геологиялық құрылымы
Бор және палеоген шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі
Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ, көкпек өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>