Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов (18 мамыр 1957, Алматы облысы) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, 2011 және 2019 жылдары аралығында Ішкі істер министрі, одан кейін — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. Полиция генерал-полковнигі, заңгер.
Өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.<ref>Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТ</ref><ref>Новая Газета Казахстан - Пройти по черте</ref> Үйленген, үш баласы бар, екі немере тәрбиелейді.
Білімі
1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-лейтенанты
Қызмет жолы
- 1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
- 1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.
1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.
- 1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
- 07.1997-12.2003 – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
- 12.2003-06.2005- Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
- 06.2005-09.2009 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
- 2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы <ref>Назначен новый начальник ДВД ВКО</ref>.
- 11.04.2011-12.02.2019 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі<ref>
«Қ. Н. Қасымовты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 26 Жарлығы</ref><ref>Қалмұханбет Қасымов ІІМ басшысы қызметінен кетті 12.02.2019</ref>.
- 12 ақпан 2019 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің Президентінің көмекшісі болып тағайындалды<ref>Экс-министр Қалмұхамбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды 12.02.2019Үлгі:Deadlink</ref>
Марапаттары
- 2-ші дәрежелі «Данқ» ордені,
- «Астана» медалі
- "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін",
- "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін",
- "Қазақстан Конституциясына 10 жыл",
- "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері",
- "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медалі,
- «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері»
- «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалі
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті