Нұржан Білтебайқызы Сәрсембаева
Үлгі:Ғалым Нұржан Білтебайқызы Сәрсембаева — ветеринария ғылымының докторы (2006), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1962 жылы 8 қарашада қазіргі Абай облысы, Аягөз қаласында туған.
Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1985, қазіргі Шәкәрім университеті), Ленинград (Санкт-Петербург) малдәрігерлік институтының аспирантурасын (1989), қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің докторантурасын (2002) бітірген.
Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ассистент (1985), Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институында ғылыми қызметкер (1990-92), "Ермен" фармацевтік компаниясы ЖШС-нің директоры (1992-97), Шығыс Қазақстан облысының қалалық ветеринарлық зертханасының директоры (1997-2001), Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде доцент (2003-10), 2011 жыдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Ветеринарно-санитарная оценка продуктов свиноводства, птицеводства и рыбоводства при использовании пробиотиков и кудюритов" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 оқулық, 8 оқу құралы, 12 алдын ала патенттің, 6 өндірістік ұсыныстың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>