Шолпан Арапбайқызы Забих

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Шолпан Арапбайқызы Забих — заң ғылымының докторы (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1970 жылы 27 ақпанда Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1995, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) жəне Д.А. Қонаев атындағы университетті (2003) бітірген.
1996-98 жылдары Ақтөбе қалалық əкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің аға маманы, 1998-99 жылдары Ақтөбе облысы ақпарат жəне қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, 1999-2000 жылдары "Шартарап" агентігінде редактор, 2000-04 жылдары Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, 2001-03 жылдары "Закон и время" – "Заң және Заман" журналы бас редакторының орынбасары, 2003-05 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бөлім бастығы, 2005-10 жылдары "Закон и время-Медиа" ЖШС-нің директоры, "Закон и время" – "Заң жəне заман" журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 2010 жылдан Қазақ ұлттық университетінде профессор, "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ-нда атқарушы директор.

Ғылыми еңбектері

"Государственно-правовые взгляды Жаханши Досмухамедова" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
60 ғылыми еңбектің, 1 монографияның авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер