Еламан Шаханов
Үлгі:Ғалым Еламан Шаханов (14 сәуір 1944 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылы) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). Қазақстан ғылым академиясының академигі (2004).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Қысқаша өмірбаяны:
Арғын тайпасы Қуандық руының Мойын Рақпанғұл бөлімінен шыққан<ref>Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014</ref>.
- 1967 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
- 1967 — 1971 жылдары осы институтта аспирант, оқытушы.
- 1971 — 1993 жылдары Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары.
- 1993 — 2001 жылдары Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директор.
- 2001 — 2003 жылдары А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директор қызметтерін атқарған.
- 2003 жылдан Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметінде.
Еңбектері:
Негізгі ғылыми еңбектері шөл және шөлейт аймақтарда сирек кездесетін жемшөптік дақылдардың полиподиясы мен алшақ будандастыру мәселелеріне арналған. Ол дәнді және жемшөптік дақылдардың 14 жаңа сортын шығарған, олардың ішінде бидайдың Ертіс-97, жүгерінің Цунами-80 сорттары, еркекшөптің, эспарцеттің, бетегенің, түйежоңышқаның сорттары бар.
Шаханов 110-нан астам ғылыми еңбектің авторы, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
- Қазақстан биологтары
- Биология ғылымдарының докторлары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары
- Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері
- Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директорлары
- Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директорлары
- Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институтының директорлары