Аркадий Иванович Зазубин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аркадий Иванович Зазубин (21.11.1916 жыл, Ресей, Мәскеу облысы Казанское селосы –14.6.1983 жыл, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1973), профессор (1977), Қазақстан ғылым академиясының корресподенттік мүшесі (1983), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1976).
Өмірбаяны
- Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1942, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
- Павлодар облысындағы Майқайың алтын тресіне қарасты зауыт бастығы
- Қазақ тау-кен институтының ассистенті (1942–44)
- Тәжікстандағы Чорух–Дайран вольфрам кені басқармасында техникалық бақылау бөлімінің бастығы (1944–49)
- Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1949–83) болды.
Ғылыми еңбектері
- Ғылыми еңбектері түсті, асыл және сирек металдар металлургиясына арналған.
- Зазубин Аркадий Иванович кен құрамындағы алюминий, сирек металдарды бөліп алуға арналған теориялық зерттеулерге басшылық етті. Осы салада арнайы әдістер ұсынып, өте тиімді технологиялық жобалар жасады.
- Оның басқаруымен электрохимияның жаңа саласы – галламдық металлургия негізделді. Жаңа технология негізінде металдық галлий шығарып алынды, анодтық реакция ингибириясының теориясы жасалынды.
Марапаттары
- КСРО мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1978).
- «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 21 қарашада туғандар
- 1916 жылы туғандар
- Мәскеу облысында туғандар
- 14 маусымда қайтыс болғандар
- 1983 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан инженерлері
- Қазақстан ғалымдары
- Техника ғылымдарының докторлары
- Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері
- Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтының профессорлары
- КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері