Уалиев Ғахип
Уалиев Ғахип (14.11.1941 жылы туған, Павлодар облысы Железин ауданы Еңбекші ауылы) – техникалық ғылым докторы (1986), профессор (1988), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академия (2003).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Орманшы бөлімінен шыққан. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ-ды) бітірген (1965). 1965 – 67 жылы КСРО ғылым академиясының машинатану институтында зерттеуші, 1967 – 92, 1995 – 99 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарды. 1999 – 2002 жылы Алматы мемлекеттік университетінде (қазіргі ҚазҰПУ-да) декан, кафедра меңгерушісі. 2002 жылдан механика және машинатану институты, физика-математика зерттеулер орталығының директоры. Негізгі ғылыми бағыты – машина динамикасы және аналитикалық механика есебін математикалық модельдеу, серпімді жүйелердің динамикасы мен тербелісі. Уалиев 150 ғылыми еңбектің, 16 авторлық куәлік пен патенттің иегері. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған (1982).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Отабасы
- Ата анасы: Уәли мен Сара Сәттібаевтар
- Аға апалары: Күлжиян, Таир, Мұтаир, Гүлмайра, Қайыр
- Жұбайы: Әспет Жағыпарқызы
- Қыздары: Айман, Айжан мен Гүлжан
- Ұлы: Зайыр<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сілтемелер
<references />