Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова (1 тамыз 1978 жыл, Алматы) — қазақстандық мемлекет қайраткер, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы. Әбілқасымова бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2018–2019) еді.

Отбасы

Білімі

1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

2002 ж. – Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2011 ж. – Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

1999—2001 жж. – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің бас маманы.

2003—2004 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы.

2004—2006 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ-ның мемлекеттік саясатты талдау департаменті директоры

2006—2008 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008—2011 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2011—2013 жж. – ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012—2013 жж. – Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.

2013—2014 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014—2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2018 жылдың ақпаны – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2019 жылдың 12—28 наурызы – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2019 жылдың 28 наурызынан — Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы.

Марапаттары және атақтары

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» II дәрежелі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдары, «Құрмет» ордені.<ref>Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер