Белағаш Дала

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

БелағашЕртіс өзенінің оң жағалауындағы дала. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр. Ені 30 — 60 км. Абсолюттік биіктігі 225 — 240 м. Шет жағы орта және жоғарғы төрттік кезеңнің шөгінді жыныстарынан, ортасы пермь мен таскөміркезеңінің интрузивті тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстігі биік жарқабақты, солтүстік-шығысқа қарай біртіндеп аласарады, жері қызылқоңыр топырақты. Онда селеу, бетеге, шайқурай, тал, жан-жағын қоршай шоқ қарағай орманы өседі.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub