Демікпе асуы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау Демікпе асуыЖетісу Алатауының оңтүстігіндегі асу.

Географиялық орны

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, Қытаймен шекаралас жерде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 3257 м. Асудан маусым – қыркүйек айларында салт атты адам жүре алады. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Асудың солтүстік-шығысынан Қараарық, оңтүстік-шығысынан Қазан өзендері таудың биік жоталарындағы мұздықтарынан бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер