Мыңтүп (төбе)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

МыңтүпКаспий теңізінің шығыс жағалауында, Қарақұм құмды алқабының солтүстігіндегі төбе.

Географиялық орны

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон кентінен солтүстік шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы

Төбе теңіз деңгейінен 13 м төменде жатыр, салыстырмалы биіктігі 9 м. Құм төбенің төңірегін сор басқан. Батысын бойлай Ақшағыл соры алып жатыр және суы тұзды бірнеше бұлақтары бар. Беткейінде сорқаңбақ, сарсазан, сораң т.б.шөптесіндер өскен.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер