Қоғакөл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Қоғакөл – Торғай өзенінің жайылмасындағы Нұра қонысының оңтүстігінде орналасқан ағынды көл.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Дүкен ауылының оңтүстігінде 40 км жерде, теңіз деңгейінен 74 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 10,5 км2, ұзындығы 11,3 км, енді жері 1,5 км, жағалау бойының ұзындығы 24,6 км, тереңдігі 2 м-дей. Эрозия-аккумулятты әрекетінен пайда болған. Қарашаның 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Суы көктемде тұщы, жазда ащы. Солтүстігінде Жарқамыс, Байтақкөл көлдері бар. Жағалауы мал жайылымына қолайлы.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>