Бесарық (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына БесарықСырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Жаманбай батыр ауылдық округі аумағымен ағып өтеді. Қаратау жотасының батысында.

Гидрографикасы

Ұзындығы – 85 км. Өзеннің жылдық ағысы – 170 млн.м3.

Бастауы

Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайынан бастау алады. Тау шатқалдарынан бес арық (өзенше) ағып шығып, шатқалдан шыға берер тұстағы Байғабыл ауылы жанында бірігіп Бесарық деп аталады. Осы елді мекен тұсында 1974 жылы өзімен аттас бөген (су сыйымдылығы – 15 млн.м3) салынған. Бөгеннен шыққан өзен Кеңес ауылы тұсында егістіктерге таралып кетеді. Кезінде Бесарық суы Сатымсай сайымен Сырдарияға құятын. Бесарық өзенінің суын Бесарық және Кеңес шаруашылықтары пайдаланады. <ref>«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер