Байсарысай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өзен Байсарысай – Жем алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы өзен. Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 611 км².
Бастауы
Байсары тауының оңтүстігінен басталып, Кемерші аулынан жоғары Жем өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Өзен арнасы жоғарғы жағында тар, құяр жерінде кеңейеді. Су деңгейі көктемде қар суымен көтеріліп, тасиды. Суы егін, мал суаруға пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>