Қаракөз күмбезтамы
Үлгі:Ғимарат Қаракөз күмбезтамы – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХV-ХVІІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 25 км шығыс бағытта Қаңға шатқалында орналасқан. Күмбезтамнан шығысқа қарай 50 м шамасында, ну болып тұт ағашы өскен және одан төменірек бұлақ ағып жатыр.
Сипаты
Күмбезтам шатқалдың оңтүстік жағындағы ойпатпен шектелген кішігірім үстірт жазығында тұр. Ол жоспары бойынша тік бұрышты, есік қуысы оңтүстік-батасқа бағытталған құрлыс. Қабырғалары лай балшық пен әктастың араланған тақта тастарынан қаланған және қасбеттері бір-біріне жақсы кіріктірілген, әр түрлі көлемді тастармен қапталған. Күмбез қаландысы әлдеқашан уақытта қирап қалған. Қабырғалардың қаптама тақта тастары жалпы қаландысымен біртұтас құрылымды етіп байланыстырылған. Оңтүстік қасбеті порталды болуымен ерекшеленеді және оның жоғарғы бөлігінде бір қатар оюлы безендірулері бар.
Суреттердің арқауы шәугім суреті түрінде де кездеседі. Интерьерлік қабырғалар сыланған, тегістік беттерінде жебе оғы пішініндегі қуыс текшелер бар. Ірге төртіншегінен күмбезге қарай қаластыра өту және үйлесімді шешімге келтіріп, – жебе пішініне ұқсастырып, еңкейтілген тақта тастар арқылы қаластырылған. Күмбезтам қабырғасының тегістік беттеріне сұлбалы ою әдісімен сурет пен түрлі жазулар жазылған. Мұнда сондай-ақ, жылқы мен кісі, арбаға жегілген аттың, бірнеше үлкен қайық, кеме суреттерін де көруге болады. Жазулар арасында (19 ғасырдың орта тұсында жазылған) казак жасағы жауынгерлерінің қол таңбалары да бар.
Күмбезтамның жоспар көлемі – 6,4×6,5 м, құрлыстың сақталған биіктігі – 3,2 м.
Тарихи дерек, аңыз
Жергілікті адай руы арасындағы аңыз бойынша кесене Айым есімді бір байдың қызына арнап тұрғызылған-мыс. Айым өте сұлу да, әдемі болған және ел аузында Қаракөз деп аталған екен. Белгісіз бір себептерден ол ерте қайтыс болып, әкесі осы күмбезтамды салдыруға тапсырыс берген. Сол кезден бері ескерткіш Қаракөз күмбезтамы, ал оның жанындағы бұлақ Айым-бұлақ деп аталған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>