Қазақ шығанағы
Үлгі:Шығанақ Қазақ шығанағы – Каспий теңізіндегі шығанақ.
Орналасқан жері
Каспий теңізінің шығыс жағалаулық бөлігінде, Маңғыстау түбегінің оң түстік жағалауында. Маңғыстау облысы Қарақия аудaны жерінде, құрлыққа 46 км еніп жатыр.
Сипаты
Пішіні доға тәріздес, ені теңізге шығар жерінде 83 км. Орташа тереңдігі 13 – 15 м, ең терең жері 32 м. Жағалауы көтеріңкі келген. Шығысында Қазақ шығанағынан суы таяз Кендірлі бұғазы арқылы бөлінген Кендірлі қойнауы және Кендірлі (Ада) құмқайыры (ұзындығы 35 км) бар. Суының тұздығы 13 – 14‰. Жазда су беті 26 – 27°С-қа дейін жылынады, ал қыста 0°С-қа дейін суынады, 2 – 3 айдай жұқа мұз басады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>