Юлия Степановна Князева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Юлия Степановна Князева (1929-2002), кітапханшы, Мәскеу мемлекеттік кітапхана институтын бітірген (1955). Институттан соң Қарағандыға жіберіледі. Қызмет жолы облыстық Абай атындағы балалар кітапханасынан басталады. 1962-1966 жылдары Қаз КСР ҒА Химия-металлургия институтының ғылыми кітапханасында еңбек етеді. 1966-1988 жылдары Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхананың директоры. Князева басқарған жылдары кітапхана дамып, алдыңғы қатарлы тәжірибе жинақтайтын орталыққа айналды. Қызмет көрсетудің түрлері кеңейіп, жаңа бөлімдер мен секторлар ашылды. КСРО кітапхана қызметкерлері құрамында Финляндия еліңде тәжірибе алмасты. Н.К.Крупская атындағы медальдың лауреаты.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала