Бекназар кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Бекназар кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, Қуаңдария өзенінің сол жағасында орналасқан.

Сипаты

Кесене қатар тұрған үш ескерткіштің шығысында, оларды жалпы "Үшназар" деп атайды (қалған кесенелер бауырлары – Ақназар мен Үшназарға арналған).
Кесене тікбұрышты қам кесектерден (10х16х34 см) тұрғызылған, екі камералы, бетше босағалы-күмбезді.
Жоспарында шаршы пішінді болып келген негізгі аумақ күмбез асты барабанындағы күмбезбен (қазіргі кезде құлап қалған) жабылған, оңтүстік-батыстан тікбұрышты кіреберіс камера жалғанған. Негізгі аумақтың бұрыштары төрттің үшіндей дөңгелек мұнарашалармен көмкерілген.
Кіреберіс камера екі бөліктен – орталық (алғашқы кезде күмбезбен жабылған) және онымен аркалы ойықтармен жалғасқан бүйірлік екі бөліктерден тұрады. Кіреберіс ойық қабырғаның ортасында орналасқан және парабола кескінді аркамен жабылған.
Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өту еден деңгейіндегі қаландылардан шығарылған бұрыштық парустар арқылы іске асырылған, парустардың формасы анық емес. Күмбез асты барабанының жоғарғы бөлігінде ойықтың іздері сақталған. Камераның бүйірлік қабырғаларының ортасында бір-бірден аркалы ойық бар. Камераның қабырғалары сыланып, әктелген, қызыл түсті бояумен салынған суреттердің (жылқылардың, түйелердің, өсімідік өрнектерінің бейнелері) қалдықтары сақталған.
Ескерткішті 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер