Меридиандық жотасы
Үлгі:Тау Мериандық жотасы – Теріскей Алатауының шығысындағы жота.
Географиялық орны
Алматы облысы (Райымбек ауданы) жəне Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінің шекарасында орналасқан. Ең биік жері Қырғызстан аумағында – 7003 м.
Жер бедері
Солтүстіктен оңтүстікке қарай жалпы ұзындығы 60 км, Қазақстан шекарасында 37-40 км, енді жері 17-20 км шамасында. Негізінен палеозойдың мəрмəр, əктасты, кристалдық тақтатас, гранитті интрузивтерінен, т.б. жыныстарынан тұрады. Құрылымы жағынан Тянь-Шань тау жүйесіндегі қырқа таулардан оқшауланып, меридиан бағытында бой көтерген.
Теңіз деңгейінен 4500 м-ден жоғары белдеуімен гляциалдық-нивалдық сызығы өтеді. Биіктік белдеуіндегі мұздықтардың аумағы жалпы жотаның 60-70%-ын қамтиды. Батысында Солтүстік Инелшік, Оңтүстік Инелшік, шығысында Қарагүл, Тугбелчи мұздықтары, Жеңіс, Əскери топографтар шыңдары, Алаайғыр асулары, т.б. бар. Жотаның солтүстік беткейінде шыршалы орман өскен.<ref>Қ 18 ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ:Энциклопедия /Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақэнциклопедиясы» ЖШС, 2012.Т.4. – 304 бет. ISBN 9965-893-84-5</ref>