Есіркеп (қыстау)
Есіркеп — Атырау облысы Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2002 жылға дейін Тұщықұдық ауылдық округінің құрамында болған.<ref>Исатай ауданында Нарын, Жанбай ауылдық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы</ref> 2007 жылы Аққыстау ауылының құрамына енгізілген.<ref>Исатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы</ref>
Географиялық орны
Аудан орталығы — Аққыстау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасқан.<ref>Топонимика Казахстана. Энциклопедический справочник. Издательство «АРУАНА» Алматы, 2010 ISBN 9963-26-330-2</ref>
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 137 адамды (73 ер адам және 64 әйел адам) құрады.<ref>Итоги Национальной переписи населения 1999 года. Численность и размещение населения в Республике Казахстан (том 2) Үлгі:Webarchive</ref>