Шошқалы (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына ШошқалыАқмола облысының Ақкөл, Біржан сал аудандары аумағындағы ағынсыз көл. Баймырза ауылынан оңтүстік-шығыста 6 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 311,9 м.

Гидрографикасы

Ауданы 22,08 км2, ұзындығы 6,9 км, енді жері 4,1 км, орта тереңдігі 1,5 м, ең терең жері 2,2 м, су жиналатын алабы 352,0 км2. Түбі жайпақ, лайлы, қалыңдығы 0,6 – 0,8 м. Жағасы солтүстік, солтүстік-батыс бөліктерінде жатық, қалған бөліктері тік жарлы, биіктігі 4,5 – 8 м. Көктемде тасып, жазда сабасына түседі, қыста түбіне дейін қатады. Суының минералдылығы көктемде 800 – 1000 мг/л-ден, жазда 1,5 – 2,0 г/л-ге, қыста қатпаған кезде 3 – 5 г/л-ге дейін өзгереді.

Жер бедері

Алабы белесті жазық, батыс, оңтүстік-батысында ұсақ төбелі. Орталық бөлігі өсімдіктерден таза, ені 0,2 – 0,5 км жағалаулық бөлігін қамыс жайлаған. Суын шаруашылықта пайдаланады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер