Жарсор (Ақкөл ауданы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Жарсор – Итемген көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан тұзды тұйық көл.
Географиялық орны
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ивановское ауылынан батысқа қарай 7 км жерде. Теңіз деңгейінен 236 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 7,8 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 14,6 км. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Солтүстігінде ұсақ көлдер, оңтүстігінде Қыздың төбесі деп аталатын төбе орналасқан. Жағалауы тегіс келген. Суы аздап кермек татиды. Мал шаруашылығына жарамды.Үлгі:Stub