Ұялы аралы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Арал Ұялы аралыАрал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі бұрынғы арал.

Сипаты

1980 жылға дейін арал жағалаудан 8 км жерде жатқан. Ұзындығы 18 км, ені 2 км-дей болған. Ол Арал теңізінің оңтүстік-шығысындағы Сұлу бұғазының солтүстігінде орналасқан. Теңіз толық кезінде мұнда Ұялы аралы болды. Ауылда "Ұялы" балық ұжымшары, моторлы балық аулау ст. (МРС), балық қабылдайтын пункт, балық өңдейтін цехтар, қойма, шағын айлақ жұмыс істеді. Өсімдігінің денін үрме құм шоқаттарға шығатын бұталар мен шоқаттардың етегіндегі ыза суы бар жерлерде өсетін сораңдар құрайды. Арал теңізінің тартылуына байланысты арал жағалауымен бірігіп кетті.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер