Тоқайтөбе
Үлгі:Көне қалашық Тоқайтөбе – бекіністі мекен, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының түбінде, Отырар қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан.
Сипаты
1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген.
Оның жалпы көрінісі трапеция тәрізді, бір жақ қабырғасы ішіне иілген, оңтүстік жағы 280 м, солтүстік-батысы 260 м, батыс жағы 240 м, солтүстік-шығыс жағы 380 м. Тоқайтөбе айналдыра тереңдігі 2 м, ені 20 м ормен қоршалған. Бекіністі мекеннің батыс жағындағы бұрышында орталық қорғаны бар, оның биіктігі 5 м, ауданы 80×80 м. Тоқайтөбенің аймағында үш жерде осындай бекініспен салынған тұрақты мекендердің орны байқалады. Алайда олар жартылай бұзылып, егістік жерге айналдырылған.
Қазба барысында табылған заттарға қарағанда мекен орны б.з. І-VІІІ ғасырларына жатады.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>