Жасалы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жасалыерте темір дәуірі ескерткіштері, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жуалы ауданы Билікөл ауылының солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бағыттарында орналасқан.

Сипаты

Ескерткіштерді 1987 жылы Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнология институтын археологиялық экспедициясының тобы (жетекшісі А. Досымбаева) ашқан.

  • Жасалы-1 Билікөл ауылының солтүстігінде 9,8 км қашықтықта орналасқан. Қорғанның диаметрі 14 м, биіктігі 1,5 м. Онда әлі археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген;
  • Жасалы-2 Билікөл ауылының солтүстік-батыс жағында 10 км қашықтықта орналасқан. Қорған тас пен құм араластырыла үйілген төбешік пішіндес. Диаметрі 10 м, биіктігі 0,7 м;
  • Жасалы-3 Билікөл ауылының солтүстік-батыс жағында, ТаразҚаратау автомобиль жолының оң жағында, Саясу өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қорғаны төбешік пішіндес болып келеді. Диаметрі 18 м, биіктігі 1,2 м;
  • Жасалы-4 Билікөл ауылының оңтүстік-батысында 10,7 км қашықтықта орналасқан. Қорым қорғаннан тұрады. Қорғандардың диаметрі 3-10 м, биіктігі 0,8 м. Олардың кейбіреулері диаметрі 20 м болатындай етіліп тастар тізбегімен қоршалған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер