Шерқала (Темір Абдал) қорымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Шерқала қорымы.jpg
Шерқала қорымы.Жалпы көрінісі.

Шерқала (Темір Абдал) қорымыМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XI-XIX ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері

Шетпе ауылынан 20 км солтүстік-батыс бағытта, Шерқала тауының етегінде батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан.

Қорым сипаты

Сурет:Шерқала қорымы. Құлпытас пен қойтас.jpg
Шерқала қорымы. Құлпытас пен қойтас.

Ескерткішті 2005 жылы Маңғыстау МТМҚ ММ зерттеген.
Мұнда өңделмеген жалпақ тастардан қаланған қоршау мен құлпытас, көлемі жағынан өңделуі соншалық аса күрделі болмаса да шағын қойтас тәрізді ескерткіштер қатарын құрайтын 250-ден астам нысан бар. Кейінгі уақыт кезеңіне тиесілі ескерткіштер сағанатам мен құлпытастар түрінде, олардың өзі жарасымды, үйлесім тепе-теңдігіне сай, қабырғалық тегістік беттерінде жалпақ бедерлі өсім өрнектері мен жан-жануар сипатындағы, тұрмыстық қолданыстағы және жауынгерлік жарақ түріндегі бұйым суреттері, араб графикасындағы эпиграфикалық жазбалардың өзі жоғарғы көркемдік шеберлікте түсірілгендігі байқалады.
Қорымдағы сағанатамдардың жоспары қарапайым, Маңғыстау өңіріне тән дәстүрлі пішінде, қасбеттік бұрыш еңсесін көтеріңкі етіп қаластырып, қабырға беттері теп-тегіс өңделіп, қаптама жалпақ тастардың арасына қылау өтпейтіндей етіп қаластырған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет.ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер