Жетінші Адай болысы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жетінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі.
Әкімшілік бөлінуі
5 әкімшілік ауылдан тұрады. 773 үйі бар.
Халқы және көшу жолдары
Негізгі рулары - Сүйіндік және Қосай рулары. Болыстағы шаруалар түгелдей көшеді. Жаз жайлауы — Ойыл және Темір өзендері, қыста Қаратау бойына, Қарабұғазға дейін келеді, аздаған бөлігі Красноводскіге дейін барады.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, 4том