Аргиппейлер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аргиппей – ежелгі тайпа.

Атаудың тарихта кездесуі

В.В.Бартольдтің жазбасында Аргимпей түрінде кездеседі. Геродот шығармаларында Каспий теңізінің солтүстігін мекендейтін көшпелі тайпаның ежелгі аты. Геродоттың IV кітабының “Мельпомена” деп аталатын бөлімінде: “ағаштан істелген үйлері бар, қыста оны ақ киізбен жабады, ал жазда төбесі ашық. Төңіректегі жұрт оларды киелі санайды, сол себепті оларға ешкім тиіспейді. Сондықтан да олардың қару–жарақтары болмайды. Көрші елдердің дау – шараларына төрелік айтады, біреу – міреу қашып келіп жансауға сұраса ұстап бермейді. Бұл халықтың аты – “аргиппей” (аргимипей)” деп жазды. Геродоттың айтуынша, олардың құдайы Аргимпаса немесе Арғұн-апа әйел тәңірі болған.<ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер