Құмқала 2

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Құмқала 2 – орта ғасырлардағы бекініс орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32,4 км жерде орналасқан.

Сипаты

1980-1990 жылдары жергілікті археологтар (Л. Толстова, Т. Мамиев) зерттеген.
Қазір аумағы 600×500 м төбешік. Төрт қақпасы болған. Мұнараларының, бекініс қабырғаларының орны сақталған. Мұнаралар мен қоршаудың сыртында тереңдігі 2-2,5 м, ені 15-20 м ор болған. Мұндай күрделі құрылыстар Құмқаланың үлкен қала-қамал болғандығын нақтылай түседі.
Табылған материалдар (тұрмыс қажетін өтеуге арналған әр түрлі заттар) қаланы адамдар XII-XIV ғасырларда мекен еткенін дәлелдейді.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте