Машақайтөбе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Машақайтөбе – ортағасырлық қалашық, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылынан солтүстікке қарай 1,5 км жерде орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1936 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі мен ММТИ экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы, 1986 жылы Ш.Уәлиханов атындағы ТАЭИ-дың тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов, М. Қаратаев) зертеген.
Қоныстың табанының ұзындығы 73 м, биіктігі 5-5,5 м. Үстіндегі алаңның ауданы 30-32 м. Жоғарғы қабатындағы зират қабірлерінен шығарылған топырақ арасынан құмыра тәрізді сыры жоқ қыш ыдыстардың сынақтары кездеседі. Табылған заттарға қарағанда Машақайтөбе қонысын халық VII-VIII ғасырларда мекен еткен.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер