Қауғаната қалажұрты (Қалғаната)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қауғаната қалашығы (Қалғаната) – 6-18 ғасырларға жататын археологиялық мекен, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Балтакөл ауылының оңтүстік шетінде орналасқан.

Тарихи деректер, сипаты

1900 жылы Н.В. Руднев , 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышев) зерттеген. Ортағасырлық Құджан (Құған) қаласымен сәйкес келеді. 16 ғасыр жазба деректерінде аты аталады. Ортағасырлық автор Хафиз Таныштың дерегі бойынша 1582 жылы Абдаллах хан Дешті Қыпшаққа жасаған жорығы кезінде Сүткент, Күнжан, Аққорған қалалары арқылы жүрген. Алайда, қаланың пайда болу кезі ерте заманға жатады.
Төбе дөңгеленіп келген, биіктігі 10 м. Орталық төбенің диаметрі 160-170 м. Қала айнала мұнаралы қорғанмен қоршалған. Қабырға сыртында ені 10 м, тереңдігі 2 м ор байқалады. Қала қақпасы оңтүстікте болған. Қақпадан басталған көше қаланы екі тең бөлікке бөліп тұр. Орта тұсында батысқа қарай тағы бір көше шығады. Көшелер түйіскен жерде базар алаңы болғанға ұқсайды. Ол жерде диаметрі 25 м ашық жер сақталған. Орталық төбені қорғансыз рабад таға тәрізді қоршап тұр. Оның ені ордан бастап есептегенде 50 м. 17-18 ғасырлардың керамикасы сырсыз және сырлы заттардан тұрады. Бұлар бойында кертпелері бар құмдар, көзелер тектес ыдыстар, құмыралар, шүмекті ыдыстар. Тостағандар қалың, дөңгелек табанды, түссіз шыңылтыр жағылған. Ою-өрнек элементтері күрделі емес: олар спиральдар, ширатпалар қатарынан және дөңгелек, таңба түрінде "баспа" белгісінен тұрады.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы, Отырар ауданы, Алматы 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер