Мұрын жыраудың мұражай-үйі
Үлгі:Мұражай Мұрын жыраудың мұражай-үйі – әдеби-мұрағаттық мұражай-үйі, Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Форт-Шевченко қаласы, Е. Өмірбаев көшесі, №10 ғимарат.
Тарихи деректер, сипаты
Маңғыстаулық атақты жырау Мұрын Сеңгірбекұлының туғанына 130 жыл толуына орай тұрған үйі мен ұста дүкенінің орнынан 1991 жылы мұражай-үйі ашылып, сол жылдан өз келушілерін қабылдай бастады.
Аталған үйде Мұрын 1906 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін тұрған. Мұрынның туыстары 1970 жылдардың соңында Атырау облысына қоныс аударып, бұл үйді қалдырып кетеді. Ғимарат 20 ғасырдың басындағы Маңғыстау өңірінің тұрғын үйлеріне тән сипаттағы "Г"-әрпі тәрізді құрылыс түріне жатады. Іргетасы мен қабырғасы ұлутастан қаланып, қабырғалары сыланған. Терезелері тікбұрышты. Үйдің дәл жанында ұстахана "дүкені" бар. Үйдің алаңы − 242 м².<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>
Мұражай үйінде Мұрын жыраудың өзі тұтынған заттар мен жасаған әр түрлі зергерлік бұйымдар, қолданып пайдаланған ұсталық саймандар, т.б. әдеби-тарихи жәдігерлер жинақталған. 1999 жылы Форт-Шевченко қаласындағы Мұражайлар кешені құрамына енді.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>