Шіңкілдек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шағын үлгіде жасалатын, балаларға арналған екі ішекті шіңкілдек аспабынын жалпы ұзыны 45-50 см. ені 8-10 см болып келеді. Шанағы құрамалы немесе тұтас ағаштан ойып та жасалады. Сыртына ұлттык ою-өрнектер салынып жасалатын нәзік, ашық үнді аспап. Шіңкілдек басқа аспаптардын дыбысымен косылғанда ашық үні ерекшеленіп тұрады. Оның үні әсіресе шертер мен кылқобызға, сазсырнай мен адырнаға қосылғанда ерекше байқалады. Аспап негізінен 4 және 7-10 жас аралығындағы балаларға арнап жасалады. Балалардың жан дүниесіне, нәзік сезіміне. қиялына, музыкалық қабілетіне үйлесімді болып келеді. Жасалу тәсілі қарапайым. домбыра жасау әдісімен ортақ.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Уики Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Қазақтың саз аспаптары