Пилон

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Пилон (Үлгі:Lang-el - қақпа, кіре беріс),

1) қиылған пирамида пішінді мұнаратәрізді құрылыс(созылыңқы тік төрт бұрыш жобасында). Пилон ежелгі Египет ғибадатханаларының кіре берістерінің екі жағына салынған;

2) кейбір құрылыс түрлерінде тегіс немесе күмбезді жабындарды тіреуге қолданылатын үлкен кесілген бағана (мыс., метрополитеннің жерасты станцияларында);

3) сарай, парк, т.б. аумағына кіре берісте орнатылатын аласа әрі көлемді бағаналар (классицизм архитнда кеңінен пайдаланылған).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify