Наурыз өлеңдері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:35, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Наурыз өлеңдеріқазақтың маусымдық фольклорына енетін үлгілер, жаңа жылға арналған құттықтау, тілектер. "Наурыз" парсы тілінде "жаңа күн" деген сөз, яғни жаңа жылдың бірінші күні. Қазақта наурыз - ай аты, басталуы наурыздың 22-іне - күн тоғысына сәйкес келеді. Мейрам күндері (3-4, кейде 7-10 күн аралығы) көкпар тартылып, әр-түрлі ойын-сауық, тамашалар болып, өлең айтылған. Наурыз өлеңдері тұрмыс-салтқа байланысты ертеде қалыптасқан. Қазіргі кезде жаңғыртылып, жаңаша айтылып жүр.<ref>Әдебиеттану: терминдер сөздігі / – 3-ші бас. . - Семей-Новосибирск : Талер-Пресс, 2006 . - 400 б. ISBN 9965-776-24-5і</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер