Матайқұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Матайқұм – Үстірттің солтүстік бөлігіндегі құм.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының оңтүстік-батысында орналасқан.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен биіктігі 70-80 м. Асмантай-Матай сорының оңтүстігінде батыстан шығысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км-ге жетеді. Ауданы 300 км2. Төбешікті құм асты төменгі сарматтың әктас сазынан түзілген. Көпшілік жерінде тұщы грунт сулары 1-12 м тереңдікте кездеседі. Құмда еркекшөп көп өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>