Желдік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:35, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Желдік – ердің ат арқасына батпауы үшін пайдаланылатын әбзел. Кейбір ердің оқпаны аласа болуы немесе қапталдарының ат арқасына үйлеспеуі салдарынан ат жауыр болуы мүмкін. Мұндай ерлердің ат арқасына залалы болмас үшін желдік пайдаланған.

Жасалуы

Сурет:Желдік. ҚР МОМ қорынан.jpg
Желдік. ҚР ҰМ қорынан. Қоңыр түсті киізден жасалған, беті терімен қапталған, арасы қайыспен жалғанған. Ұзындығы 48 см, ені 16 см.

Желдікті жасау үшін ердің қапталынан сәл үлкенірек төртбұрышты қалың екі киізді көнмен, былғарымен қаптап, бір-біріне былғары бүлдіргемен бекітеді. Атты ерттегенде желдік тоқымның үстінен, ер қапталдарының астына дәл келетіндей етіп салынады. Ал, ортасын қосып тұрған бүлдіргі олардың төмен сырғымауын қамтамасыз етеді. Әсіресе, құранды ер желдіксіз ерттелмеген. Желдік салынғаннан кейін ердің оқпаны биіктеп, қапталдары ат арқасына біркелкі тиетіндіктен ат жауыр болмайды.
Желдіктің келесі түрі, ердің қапталының үлкендігіндей қалың киізді кесіп алып, қайыс таспаның немесе екі жағына жасалған былғары қалталардың көмегімен қапталдың астына біржолата бекітіліп тасталады. Мұндай желдік былғары қалталары кейде оюланып немесе күміспен әшекейленуі де мүмкін.<ref>ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиеттер

  • Сейдімбеков А.С. Мың бір маржан (қара өлең табиғаты). Алматы: Өнер, 1989;
  • Кәмәлашұлы Б. Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі. Алматы: Өнер, 2006;
  • ҚР ҰМ – материалдарынан;
  • ОМЭЭ – материалдарынан.