Құйқалақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:34, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құйқалақаңды аулап, оны сойып, пісіргенше әбден ашыққан аңшылардың жүрек жалғау үшін жедел дайындалатын тағамы. Аңды сойғанша отты жағады да, олжаларының ішек-қарнын ақтармалап тастап, майлы тоқ ішегіне тұз сеуіп, аударады да, қос бүйрегін, көк бауырын, бауырын оттың қоламтасына көме қояды. Бұл — төстік қақтағанша-ақ орындалатын шаруа.

Төстік қақтауды да, құйқалақ көмуді де тек аңшылар жейтін тағам түрі екен деген ұғым тумаса керек, бұларды мал сойғанда да жасауға болады. Мұның бәрі де о баста аңшылардан бастау алған, әрі даярлау тәсілі өте қарапайым тағам түрі.