Қаратау ақшешегі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Қаратау ақшешегі (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақ тұқымдасы, ақшешек туысына жататын шала бұта.

Өсу аймағы

Қаратаудың тау беткейлері мен биік жартастарында өседі.

Ботаникалық сипаты

Биіктігі 2 – 8 см. Тамырдан өсетін жапырақтары жалпақ, ал сабақ бойындағы жапырақтары майда, қандауыр тәрізді. Тостағанша жапырақтарының ұзындығы 5 мм-дей, сопақша келген, сыртын жұлдызды түк басқан. Күлтесі ақ түсті. Тұқымымен және атпа тамырлары арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемісі – бұршаққын піседі. Қ. а. – өте сирек кездесетін сәндік өсімдік. Таралу аймағының жылдан жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>“Тараз энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер