Ақсу-Арыс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақсу–Арыстас дәуірінің орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылынан батысқа карай 10 км, Арыс және Ақсу өзендерінің Сырдарияға құяр сағасындағы екінші сөреден табылған.

Деректер

1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын отряды (жетекші Х. Алпысбаев) тапқан. Ақсу-Арыс ескерткішінің материалдары толық жарияланған жоқ. Х. Алпысбаев ғылым есебінде ғана азды-кемді мағлұматтар келтірген. Тас құралдарын (тас жаңқа, қол шапқы, өзектас, т.б.) зерттеуші кейінгі мустье уақытына жатқызған. Тас коллекциясындағы бірқатар тас жаңқалары екінші рет өңделген.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер