Осака (қала)
Үлгі:Елді мекен Үлгі:Нихонго — Жапонияның халық саны бойынша үшінші үлкен қаласы, Хонсю аралының оңтүстік жағына Ёдо өзенінің Осака шығанағына құяр сағасына орналасқан. Өзі аттас префектураның орталығы. 1956 жылы қалалық басқару мәртебесін алды.
Қаланың жер аумағы 223,00 км² <ref> Үлгі:Cite web </ref>, Халқы — 2 668 113 адам (1 шілде 2010) <ref>Үлгі:Cite web </ref>, халық тығыздығы — 11 964,63 адам./км².
Осака Жапонияның тарихи сауда астанасы болып келді және қазіргі уақытта — елдің негізгі өнеркәсіп орталықтарының бірі және ірі порты.
Қаланың бұрынғы атауы — Нанива. Нанива Жапонияның ең алғашқы астанасы болды. Нара дәуіріне дейін әрбір жаңа император билікке келгенде астананы қаладан қалаға ауыстыру әдеті болды. Қала орынына біздің эрамыздың IV ғасырынан кейін адамдар қоныстана бастады.
Осака теміржол арқылы бұрынғы астана Киото мен Кобе портымен байланысады.
Осака халықаралық саудаға ашық жапон портарының бірі болды, алайда өзен таяз болғандықтан халықаралық кемелер мұнда сирек келді.
Географиясы
Қала Ішкі Жапон теңізінің Осака шығанағының шығыс жағалауында орналасқан. Осаканың биіктігі теңіз деңгейінен Цуруми ауданында 37,5 м-ден Насиёдогава ауданында −2,2 м-ге дейін өзгереді.<ref>http://www.city.osaka.jp/keikakuchousei/toukei/G000/Gyh19/Gb00/Gb00.htmlҮлгі:Deadlink</ref>
Климаты
Осака ылғалды субтропикті зонада орналасқан. Қысы жақсы, жылы, ең суық айы қаңтарда орташа максимум 9 °C. Қалада қыс уақытында қар сирек жауады. Көктемі жұмсақ, ал жазы өте ыстық және қапырық. Шілдеде және тамызда күндізгі температура 35 °C-қа жиі жетеді. түнде орташа температура әдетте 25 °C-қа жуық болады. Жауын-шашынның көп бөлігі мамыр және маусым, сондай-ақ қыркүйек айларында түседі. Орташа жылдық жашын-шашыны — 1300 мм-ге жуық. Үлгі:Қаланың ауа райы