Жылымшық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл ЖылымшықМаңғыстау тауларының оңтүстігінде, Қайдақ сорының батыс жағында орналасқан құмды алқап.

Орналасқан жері

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.

Сипаттамасы

Құм солтүстіктен оңтүстікке қарай 42 км-ге созылған, енді жері 33 км. Ауданы 500 км² шамасында. Құм төбешіктер біртіндеп аласарып, белесті жазыққа ұласады. Грунт суы 2 – 10 м тереңдікте жатыр.

Өсетін өсімдіктері

Жылымшықта жусан, еркек шөп, жүзгін, т.б. сораң шөптесіндер өседі.

Шаруашылық маңызы

Жылымшық мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер