Қаракезең

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:12, 2022 ж. желтоқсанның 25 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

ҚаракезеңҚандарақ жотасының солтүстік-батысындағы асу.

Географиялық орны

Жетісу облысы Сарқан ауданы Шатырбай ауылының оңтүстік-шығысында 41 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 3505 м. Көктем айларында асу бойында қар жатады. Солтүстік бөлігіндегі мұздықтардан Лепсі өзенінің сол салалары бастау алады. Асудан мамыр – қыркүйек айларында салт атпен өтуге болады. Батыс шатқалында Жасылкөл көлі жатыр. Беткейлері тік шатқалды, құзды келген.<ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер